ҒАСЫР

lat: ǴASYR /109/

зат. 1. Жүз жылдық мерзім (уақыт) .

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен, «

Жетім көлге» қараудан шаршамаған? (2,171).

Адыра қап алтының мен ураның,

Парасат, ақыл арнаға сыймай тасуда.

Өткен ғасырлар , жеткен ғасырлар жиналып,

Таңырқар сонда жиырмасыншы ғасырға ! (3,80).

2. поэт. Әркімнің өзі өмір сүрген кезеңі; заман, дәуір .

Бұл ғасыр менің жүрек-сағатымдай,

Тамырым бірге онымен соғатындай.

Амалсыз абайсызда қалғып кетсем,

Ғасырым бірге ұйқтап қалатындай (2,214).

Менің мына

Ғасырымның кезінде,

Бір жақсылық,

Тыным алмай, жердің бетін кезуде.

Күтуде оны күтуде оны,

Күллі ғалам төзуде.

Ақырында тоғысады,

Сезімдер кеп сезімге! (3,96).