lat: AÝ
о д. 1. Дауыстау, шақыру, дыбыс беру кезінде айтылатын ишарат сөз.
Ауылда иттен басқа «ау» деген жан жоқ, түн жамылып, бырқырап ұйықтап жатыр (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ау, кемпір, бір сұмдықты, сұмдық болса да үлкен қызықты айтсам, аузыңа ие боласың ба? (Ә. Әбішев, Замана.).
Ау, бұл қайсыларың?-деді алдарынан бір дауыс (М.Иманжанов, Көк белес).
2. Шақыруға жауап ретінде айтылатын ишарат сөз.
Ау, деген әйелдің дауысы естілді (С.Мұқанов, Менің мект.).
Ау, бала, әуреленбей атыңнан түс,
Бендеге етер тағдыр әр мұқам іс (Базар жырау, Шығ.).
Ау, жаным, қасқыр деген азулы аң-ды,
Аямас, ашуланса, ешбір жанды! (О.Шораяқов, Ша- йыр).
3. Көпшілікті, біреуді өзіне қарату үшін айтылатын дыбыстық ишарат.
Біреумен құрып отыр қатын кеңес,
Сөздерін алмашалап салып егес.
А у, жарандар! Кеп онда емес, ау, жарандар!
Бері қараңдар, құлағың сал! (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Ау, бұлбұл, көрінсеңші, үнің өшкір,
Дүниеден жасырынып күнің өткір! (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Ау, Балжан, жорға қандай, жортақ қандай,
Түрің бар онша ақылсыз болмағандай (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Ау, қазым, ойының ба, расың ба,
Жалпақ қара қайыспен ұрасың ба?
Қырық парыз біреуін біліп, біреуін білмейді,
Халықтың бәрін бірдей қырасың ба? (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
4. Ыза болғандықты, кіжінгендікті білдіретін ишарат сөз.
Ау, осы әңгімені қойсаң қайтеді! (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).
Ау, сен кім едің сонша?-деді председатель.
- Білмей жүрсеңіз, ел қорғаған солдатпын,-деді Төрекелді зілдене сөйлеп (М.Иманжанов, Адам тур.).