lat: AÝA
зат. 1. Тыныс алуға, тіршілікке аса қажетті, түссіз, иіссіз зат.
Япыр-ау, әлі жүр ме?!
Шынымен қонбады ма әлі күнге?!
Әлде оларға аспан, жер, ауа, мұхит,
Мына жатқан ғаламның бәрібір ме?! (2,185).
Көшпейсің бе, – деймін ғой,
Алматыға?
Алматыға.
Жердің гүл жаннатына.
Алатаудың ауасын еркін жұтып,
Бұлбұл әнін тыңдайсың таңда тұра (2,296).
2. сөйл. Әуе (аспан).
Ертеңгілік, сүттей таза күллі жақ.
Аяз барып әлдеқайда жайғасқан.
Жалғыз ғана терезелер тұр жылап,
Ашық ауа .
Айнала аппақ, айна – аспан (1,108).
Ауада да ұшып көргемін, – дегем оған бір кезде Әзіліме сәбидей сене қойып ілезде. Үйрет, деді, не дерсің бұл балалық мінезге (5,139).