lat: AÝDANDYQ
с ы н. Аудан көлеміндегі, ауданға тән, қатысты.
Таңертең, сағат тоғыздардың шамасында, аудандық баспасөз қоғамының бір қызметкері келді (М.Иманжанов, Адам тур.).
Бұдан біраз күн бұрын мұғалімдер оқытушылардың аудандық конференциясына жүріп кетті дегенді Нұртайдан естігем-ді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Аудандық тұтынушылар қоғамында күнделікті жұмыс қызу жүріп жатады (С.Алдабергенов, Әңгім.).