lat: AÝDITOR
з а т. қ а р ж ы. Акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындардың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшыларымен шарт негізінде келісе отырып тексеретін жеке немесе заңды тұлға.
Аудитор мұндай тексеру жұмысын жүргізуге мемлекеттік орғандарының арнаулы рұқсатын алады (ҚҰЭ).
Аудитордың негізгі міндеті тексерілген компанияның қаржы жағдайы жөнінде қорытынды беру (Орыс.-қаз. экон. сөздігі).