АУКЦИОНШЫ

lat: AÝKSIONSHY

з а т. аукционмен шұғылданушы .

Аукционшы жарияланған баға жағдайында бірінші болып нөмір көтерген қатысушының нөмірін атайды, балға ұрумен оны аталған жекешелендірілетін нысанның жеңімпазы деп жариялайды («Егемен Қазақстан»)

Бастапқы баға жоғары болатын, ал аукционшы оны біреу аталған баға бойынша сатып алуға келіскенге дейін төмендете беретін аукцион голландық аукцион деп аталады (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Аукционшы саудааттық барысында қадамды өзгертуге хақылы, ол бұл туралы хабарлауы керек («Егемен Қазақстан»).