lat: AÝKsION
зат.экон. Көпшілік алдында тауар мен мүлік түрлері артық төлем ұсынушыға сатылатын бәсекелес, жария түріндегі сату тәртібі; сату өткізілетін орын.
Аукциондар тұрақты немесе алдын-ала келісілген орындарда, белгіленген немесе алдын-ала келісілген уақыттарда өткізіледі (Орыс.-қаз. экон. сөздігі).
Алматы облысы әкімінің коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру департаменті коммуналдық меншіктегі автокөлік құралдарын сату жәнінде аукцион өткізеді («Егемен Қазақстан»).