АУЛАУ

lat: AÝLAÝ

Аула етістігінің қимыл атауы.

Аң, құс, балық т.б. жан-жануарларды ұстау, ауға түсіру.

Семсер балық аулау қиыншылығын көзге елестету үшін, мына бір болған оқиғаларды еске түсіріп көрелік (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Хайуан баласын тамақ аулауға, ыстық, суықтан жаурап, пәледен бас қорғауға үйретеді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қазақтар иткұшаланың түйінін арам өлген малдың етінің арасына жасырып, қасқыр мен түлкілерді аулауға пайдаланған (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).