АУЛАУШЫ

lat: AÝLAÝSHY

з а т. Балық, ұстау, аң-құс аулау ісімен шұғылданатын адам.

Окин тұрғындары үлкен мейрам қарсаңында әдейі жылан аулауға шығады да, жылан аулаушыларды бүкіл ауыл болып қошеметтеп шығарып салады (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Крокодил аулаушылар крокодил басының судан шығуын аңдып түрады да, өте дәлдікпен, оған бұғалық лақтырады (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Суыр аулаушы маған суық қарап, кете барды (Ш.Мұртазаев, Табыл. теңіз).

Кит аулаушылардың өмірі қауіп-қатерге толы болатын («Халық кеңесі»).