АУЛА

lat: AÝLA

зат. Үй, мекеме алдындағы қоршалған жер немесе ашық алаң .

Әжем менің күйбеңдеп, күбірлеп жүр аулада ,

О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да! (1,186).

Жанымда жалын барда, қиял барда,

Аядай аулаға мен сыя алғам ба?

Аяшы, ая мені, ардағым-ау,

Апарып таста мені қияндарға (3,183).