lat: AÝLAQ
сын. Алыс, қашық, жырақ.
Жас Шоқан қыз қолынан қымыз алды,
Қымыз алды,
Қымсынып қыз ұялды.
Аулақ барып отырды бір тізерлеп,
(Қашаннан да қазақтың қызы ұяң-ды) (2,329).
Аққуын әлдилеген айдындарым,
Аулаққа ұшып кетсем, қайғырмағын.
Алдыңа арманымның жайдым бәрін,
Аманат өткермеген ай, жылдарым (3,10).