lat: AÝLAQ
ет. 1 . Менен алыс жүр, кет әрі д.м.
Аулақ, аулақ,
Аулақ менің жанымнан!
Қара уайым қара шәлі жамылған.
Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған,
Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан (2,86).
2. Алыс кету, жырақ жүру.
Бұйымға жарамайтын жапырақтар,
Сендермісің дос деген атын ақтар?
Шаң басқан топтарыңнан енді аулақпын ,
Өздеріңмен өзің бол, ақымақтар (1,70).
Зәр ұсынған кісіге нан ұсынған,
Алысудан аулақпын , шабысудан.
Ей, қазақтың баласы, есіңде ұста,
Өлсем өлем, сірә, мен намысымнан! (2,89).