lat: AÝRÝHANA
з а т. Науқас адамдар жатып емделетін мекеме.
Мұның алдында халықтың сәлеметтігі жайынан ел ішіндегі ауру-сырқаудың, өлім-жітімнің көптігін, хүкіметтің бұл туралы жеткілікті жәрдем бермей, ауруханалар ашпай, доктор, фельдшерлер жібермей тұрғанын жазып едік (М.Дулатов, Шығ.).
Бір ауданды басқарып отырған адамның соңғы бір жыл ішінде алты ай өмірін ауруханада өткізуі, әрине, оңай емес (З.Шүкіров, Қиын түйін).
Әскери қызметкерді емдейтін аурухананы госпиталь, ал жоғары медициналық оқу орнының базасы болатын аурухананы клиника деп атайды (ҚҰЭ).
Жомарт ойы қона қалған бойына,
Қауымына сәулесін шашып келген,
Перзентінің тағдыр қосу тойына ауруханада жатқан жерінен қашып келген
Медет қартқа берілмек ендігі сөз (М.Шаханов, Ғасырлар.).