lat: AÝYLDYQ
с ы н. Ауылды жердегі, ауылға тиісті, ауылға тән. Қызылжар қаласында ашылған бір жылдық мұғалімдер курсын өткен май айында бітіріп, ауылдық мектеп мұғалімі атағын алдым (С.Омаров, Қайырлы.).
Агроном ауылдық,
Асықты жолдың шетінде,
Қалада күткен қалыңдық,
Дер сағатта жетуге (М.Әлімбаев, Таңд.).
Шамасы театр басшылары ауылдық жердегі жұртшылығымыз ішек-сілесі қатып күлетін ермек таба алмай, іштері пысып отыр деп түсінген болса керек (І.Омаров, Шабыт).