lat: AÝYR
с ы н. 1. Салмақты, жеңіл емес. Ауыр немесе қомақты жүктер тиелген кейбір арбаларға бес-алты адамға дейін жегілген екен (С.Мұқанов, Шығ.). Кабинадан шофер шығып, кузовты ақтарып, қасындағы екі солдатпен ауыр бір нәрсені жерге түсірді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Мен Марияға болысып, оны гүлмен, шағын чемоданмен қалдырып, зілдей ауыр үлкен чемоданды жерден көтердім (Ж.Жұмақанов, Жазылм. кітап). Зілдей ауыр машинаның арба жүретін жолды Бұлдіріп кететін түрі бар (Ғ.Мұстафин, Шығ.).
2. Қиыншылығы, азабы мол; ауыртпалығы, мехнаты көп (жұмыс, еңбек, іс). Қайсар ат қорада жеңіл жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, тақа ауыр жүмыстан қашыңқырап жүрді (І.Есенберлин, Алтын құс). Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Енді қайтсін, жазғы сессия да, мемлекеттік емтихан да оңай емес. Ал қабылдау емтиханы деген нағыз ауыры ғой (М.Дүйсенов, Мейман.). Жер өңдеуде ауыр еңбекті керек ететін атам заманғы ағаш соқа, мала және кетпен сияқты құралдар қолданылатын («Халық мұғ.»)
/ / Азапты, қиын, кедергісі көп (жол, сапар жайында). Алыс жол атты сынайды, ауыр жол ерді сынайды (Мақал-мәтел).
Қазақстан бұрын бетпақ,
Қайғы басқан шөл еді.
Жақын деген көлденеңі
Айлық ауыр жол еді (С.Сейфуллин, Таңд. шығ.).
Олар мені арқа сүйер азаматтары есебінде алыста ауыр сапарға жәнелтіп, жар жиекте қоштаспақ (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.).
3. а у ы с. Адам баласына келген ауыртпалық (хал, тұрмыс, өмір жайында).
Көтермеске амал жоқ,
Көрдім дүние ауырын.
Аясаңшы, апырмау,
Әке-шеше, бауырым (Абай, Тол. жин.).
Аурудан да айықпай, осындай ауыр тұрмыстың салдарынан олардың төрт баласы өлді (Семья тәрбиесі). Олар бейбітшілік жағдайда отырған елге ойран салды, ауыр күйге үшыратты (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.)
Ел тереңге сүңгіді,
Қармай тұғын қармай тал.
Серпілер күн болар ма,
Елге түскен ауыр хал (ХҮІІІ-ХІХ ғғ. қаз. ақын.). Ескі дүниенің ауыр азабын тартқан, жаңа дүниенің қызығын көрген адамның бірі мендей-ақ (Әдеб. хрестом.).
// Бейнетті, қайғылы, мңұлы (көңілкүйі жайында). Мәкен мен Дәрмен ісі Әбіш қана емес, Абайды да ауыр азап, ұзақ әлекке салған (М.Әуезов, Абай жолы). Айшаның қабағы ауыр қайғымен түйіліп, еңсесін қасірет басқан сияқты еді (С.Сейфуллин, Әңгім.). Түні бойы айдалада, ақ боранда сары атан адасып кетіп, ең ауыр бейнетті қайтарда көрді (З.Шашкин, Өмір.).
4. а у ы с. Қайғылы, мұңды; жанға бататын (хабар, оқиға).
Қабырғасы елімнің
Қайысты ауыр хабар кеп,
Көлеңкесі өлімнің
Туларға салды қара өрнек (С.Мәуленов, Жолдас).
Көз алдынан осынша ауыр оқиғалар өтіп жатқанда Аспановқа шыбын шаққан құрлы көрінген жоқ (С.Адамбеков, Қожанасыр.).
5. Тым үлкен, аса зор, өте қатал, төзуге болмайтын (айып, қылмыс, күнә, жаза). Бұл сөздің сырты сыпайы айтылғанмен, ұққан кісіге ауыр айып тәрізді (М.Әуезов, Абай жолы). Қылмыстылық құрылымында сапалық өзгерістер болып өтті, ауыр және өте ауыр қылмыстардың үлес салмағы артты («Егемен Қазақстан»). Әлде кінәнің ең ауыры осы азаматтың өз басында ма екен деп те ойлады Бұл (Ж.Жұмаханов, Махаббат.). Қандай ауыр жазаң болса да, ол кісі кемітпей, кекетпей, қорламай ұрсатын (Б.Момышұлы, Офицер.).
6. Қауіпті, қатерлі.
Көкірегіме құйдым нәр ғып,
Тапқандай-ақ жаным дауа,
Орнымнан тұрдым қарғып,
Шығып естен ауыр жара (Қ.Аманжолов, Таңд. шығ.).
Ауыр жаралылар бар, орын қажет, деді ол революциялық комитеттің төрағасына (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).
Бірақ сұлу жанында,
Бір ауыр дерт жатқандай.
Демі ұқсайды жалынға,
Көгінде күн батқандай (С.Мәуленов, Өлеңд.).
Жан қиналмай тапқан мал,
Жаныңа болмас сеп деді.
Жабыспаса бойыңа
Үлкен, ауыр дерт деді (Ү.Көрібаев, Таңд. шығ.).
7. Жанға бататын, ауыртатын. Арық атқа қамшы ауыр (Мақал-мәтел).
// Ақырын, қиналып, баяу, жай.
Машина ауыр қозғалды,
Азынап соқты жел демде.
Айтылмай қанша сөз қалды,
Арманды сенің кеудеңде (С.Мәуленов, Алыс кетіп.).
Өз үйіне өрең жетіп, аяғын ауыр басып, қақпадан кіре бергенде, қарындасы Маржан алдынан жүгіре шықты (М.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Асыл ананың ауыр қимылдап, аз күрсініп, қиялға батқан ойлы кескініне назар аударды (С.Бақбергенов, Күй). Құбылған заман-ай, есітпегенді есіттік-ау, деді бір бүкір шал үйге арқасын сүйей отырып, аса ауыр үнмен (Б.Майлин, Шығ.).
8. Көп жауапкершілік жүктейтін.
Байқаймын, жел ұзақ жолда жабыққан,
Қасірет басып Сарыарқадан тарыққан.
Алып келсе керек ауыр аманат,
Абақтыдағы азаматқа зарыққан (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қонақ қонған жеріне ауыр, тас түскен жеріне ауыр (Мақал-мәтел).
9. Қорытылуы қиын (ас). Мал еті науқас үшін ауыр келетіндіктен, алғашқы аптада ара-тұра ғана құс етін тағамға пайдаланған жөн («Денсаулық»). Қой еті ауыр, құс еті тәуір деседі (Б.Қыдырбекұлы, Ешкім.).