АУЫР

lat: AÝYR

е т. 1. Науқастану, сырқаттану, дертке шалдығу. Жәмила аяқ астынан ауырып, ауруханаға түсе қалды (Б.Қыдырбекұлы, Ешкім.). Төбеті түкке шаппаған соң, ауырып қалған жоқпын ба деп, маңдайын ұстап, саусақтарымен екі шекесін қысты (А.Жақсыбаев, Қайырлы таң).

Ақ халаты үстінде,

Аппақ оның ісі де.

Ауырсаң сен емдейді,

Келеді түн ішінде (Қ.Мүсірепов, Менің апам).

2. Жанына бату, ауырсыну. Мойнын таңған дәкеге қан қатып, жарасы ауырып мазасын кетірді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Азғана ішкен шарап, сыра басқа осы сияқты ішкіліктің өзінен бала түнде қорқатын, ұйықтай алмайтын болады, асқазан-ішектері, жүрегі, бауыры тағы сондай мүшелері ауырадыемья тәрбиесі). Жаралы аяғының талықсып ауырғаны да Төкенге жаңа білінді (С.Беғалин, Ана қайраты).

3. а у ы с. Күйіп-жану, жаны ашу, налу, аяу. Әрине, Манаптың жыл бойғы еткен еңбегінің еш болғаны өкінішті-ақ, бұған жүрегіміз ауырады («Жас Алаш»).