lat: AÝYRLATÝ
Ауырлат етістігінің қимыл атауы. 1. Бір заттың, нәрсенің салмағын арттыру. Крокодилдер тамақ орнына емес, өзінің салмағын ауырлату үшін тас жұтады екен (Ш.Қожахметов, Ғалам ғажапт.).
2. а у ы с. Күрделендіре түсу. Егер оқушы маңызды сұрауларға ойдағыдай жауап берсе, оған сұрауларды көп беріп, сабақты ауырлатудың қажеті жоқ (С.Көбеев, Орынд. арман).