АУЫРЛЫҚ

lat: AÝYRLYQ

з а т. 1. Салмақтылық, салмағы көптік. Керек тастың ауырлығы жоқақал). Қолымда кетіп бара жатқан чемоданның кішкентай болғанымен ауырлығына қуандым (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Қабыл ыссылап, әрі ауырлық қылған соңшолақ тонын шешіп тастады (Ж.Түмекбаев, Қарда.).

2. ф и з. Денелердің өзара тартылысы, дененің жерге тартылу қасиеті. Дененің ауырлығы дегеніміз ол денені Жердің тарту күші (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).

3. а у ы с. Қиындық, жеңіл болмаушылық. Кешегі жаумен шайқасқан сұрапыл күндерде елге есен қайтар болсақ, жұмыста ауырлық бар демес едік, деп, талай айтқан едік (Е.Тұрысов, Келіншектау).

Оңаша ойлап бәрін, тербетілем,

Ат мініп, ауырлықтан ержетіп ем.

Махаббат сойылымен соғып өткен

Кей күндер еске түсіп, сендетілем (К.Салықов, Жезкиік).

Жүрістің ауырлығына қарамастан автоматчиктер бүкіл дивизияға жол салып келеді (М.Ғабдуллин, Ол күндер.).