lat: AÝYRLYQ
зат. 1 . Ауыртпалық, қиындық .
Ауырлықтың көтердің-ау көбін сен,
Сенен келіп қуат алдым жеңілсем.
Сен жер болдың, нөсер болып төгілсем,
Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсем (3,87).
Шаттық шақты есіне алса қапастағы кімде-кім,
Тек сол ғана азап-сордың ауырлығын білгені.
Соған кепіл көсемің де, – деп ол маған үндеді (5,29).
2 . Айыбының көп-аз, үлкен-кіші, ауыр-жеңіл екендігі .
Өздерінің күнәларының ауырлығына байланысты, күнәкарлар мәңгілік зынданда әртүрлі азап-сорды тарта бермек (5,167).