з а т. м е д. Адам мен жануарлар ағзасында ішкі және сыртқы факторлардық шамадан тыс әсер етуінен пайда болатын ауыртпашылықты білдіретін жағымсыз сезім. Ауырсыну организмнің қалыпты жұмысының бұзылғандығын көрсетеді (К.Жарықбаев, Психология).Ауырсыну денеге ішкі мүшелерден немесе сырттан қолайсыз тітіркендіргіш әсер еткенде туындайтын түйсіктің ерекше түрі, жан құбылысының жағдайы («Денсаулық»).