АУЫРТ

lat: AÝYRT

е т. 1. Ауруға, кеселге ұшырату. Обаның құрты оба қылып ауыртады. Обаның құрты кезік яки шума қылып ауыртпайды. Құрт аурулар жұқпалы дедік, ауырған кісінің қаны құртпен яки зәһірімен толып кетеді. һәм ондай кісінің ішінен шыққан заттың бәрі құртты болады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).

Дем шығармай, салса да тас салмағын,

Қары түгіл ауыртады бармағын.

От басына тастады да, дөңгелекке

Сыздық батыр жапты қара қапталын (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ертеде ауыртпай операция жасаудың тиімді әдіісі болмады (Е.Оразақов, Қайта соқ.).

2. а у ы с. Біреуді ренжіту, қинау, кейіту.

Бір таудағы хайуанды бір арыстан

Билеген патшасы екен әуел бастан.

Әділ атақ алмақшы ниеті бар

Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан (Абай, Тол. жин.).