АУЫСУ

lat: AÝYSÝ

Ауыс етістігінің қимыл атауы; алмасу, өзгеру. Бұрын-соңды лекқия оқымаған Бектұрсынға жаңа қызметке ауысу оңайға түспеді (М.Дүйсенов, Меймандар). Оңтүстік батыстан соққан жел көтерілер бұлттың, келер жауынның жаршысы деп түсінетін диқан желдің солай ауысуын тілейді (Ақ бидай). Исаның творчестволық тәжірибесі арқылы халық ақындарының ауыз әдебиеті дәстүрінен жазба әдебиет дәстүріне бірте-бірте ауысу процесін айқын көреміз (Е.Ысмайылов, Ақындар).