АУЫСТЫРУ

lat: AÝYSTYRÝ

Ауыстыр етістігінің қимыл атауы. 1. Алмастыру, орнын өзгерту. Бұдан былай өте-мөте бір ерекше жағдай болмаса, кісілерді орнынан ауыстырудың қажеті жоқ (Б.Момышұлы, Москва.). Күн шыға ұйқысы қанып тұрған Мұрат күндегі әдетімен әкесін ауыстыруға келген (А.Сейдімбеков, Ақиық).

2. а у ы с. Бір қызметтен екінші қызметке өту. Аудандық оқу бөлімінен оны басқа мектепке ауыстыру, бөтен қызметке пайдалану сұралсын (С.Баязитов, Айдарлы.).

3. м а т. Кез келген жиын элементтерін түрлендірудің қарапайым түрі. Кез келген ауыстыруды транспозиқиялар көбейтіндісіне жеткізуге болады (ҚҰЭ).