lat: AÝYZDANÝ
Ауыздан етістігінің қимыл атауы.
1. Жаңа туған төлдің емуі, енесіне салынуы.
Ботаның ауыздануы үшін оны бауырынан көтеріп тұрып емізеді (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.).
2. а у ы с. Бір нәрсеге алғаш рет машықтану, дағдылану, әдеттену.
Әрине, ондай жағдай, жастай көркем талғаммен ауыздануда өзінің әсерін тигізеді (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев).
Ол менің тұңғыш қаламақым болатын. Сөз сатып тапқан ақшаға тұңғыш ауыздануым (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).