lat: AÝYZDANDYRÝ
Ауыздандыр етістігінің қимыл атауы; жас төлді енесіне салу.
Жаңа туған қозының тұмсығы мен құлағын шаранадан тазарту, кіндігін байлау және оны енесінің бауырына салып ауыздандыру төлді аман алып қалу жөніндегі басты шарттардың бірі (М.Төлешов, Қой. қоздату).
Қошақанды а у ы з д а н д ы р у, енелерін күту, жемшөп беру, суару жұмыстары әдеттегідей өтіп жатты (Б.Жамалов, Торғай.).