АУЫЗДАНДЫР

lat: AÝYZDANDYR

е т. 1. Жаңа туған төлді алғаш рет енесіне салу, емшек алдыру.

Жаңа туған төлінің шаранасын құрғатып, емізбей, тастап кететін жеруік немесе қытықшыл малды әрқашан да бір адам басынан ұстап, екіншісі төлін бауырына апарып, емшегін аузына салып ауыздандырады (Ш.Жанәбілов, Қаз. мал атау.).

Тұрғынәлі түнімен күзетіп, туған төлдерін ауыздандырып, белгі соғып шықты (Н.Айдаров, Жазылбек.).

2. с а я т. Қыран құсты машықтандыру, дағдыландыру.

Ақбота, Бөкен, сендер қыранның баласын қалай баулып, қалай ауыздандыратынын білесіңдер ме? (С.Бақбергенов, Қарға там.).

3. ауыс. жағымсыз. Жаман нәрсеге үйрету, бейімдеу.

Өзіңді өтірікпен ауыздандырған ғой шешең шамасы, бір шын сөзі жоқ осынша суайт болармысың (А.Тоқмағамбетов, Фельетон.).