АУЫЗДЫ

lat: AÝYZDY

с ы н. 1. Аузы бар, аузы үлкен.

Әрине, кішкене індер үлкен ауызды індей терең емес (А.Хангелдин, Өткен күн.).

2. а у ы с. Сөз тапқыш, сөзуар, тілді, шешен, айтқыш (адам).

Орамды тілді, ауыздым,

Ақылға жүйрік маңыздым.

Көп жасамай, тез кетіп,

Көзімнің жасын ағыздың(Абай, Тол. жин.).

Байбақты елінде ауызды билер көп болған (Қаз. тілі. диалек. сөздігі).