Ауа өткізбейтін есіктер

lat: Aýa ótkizbeıtin esikter.

т е х. Паналау ғимараттарына радиоактивті, улы және бактериялық заттар кірмеуі үшін кіру есіктерін, тамбурларды, тамбур-шлюздерді, апаттық шығу жолдарын тығыздап жабуға арналған темір және ағаш құрастырмаларынан жасалған құрылғы.

Паналау ғимараттарына әдетте көлемі 89x189 см немесе 126x206 см темірден жасалған ауа өткізбейтін есіктер орнатылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).