Аудиенция

lat: Aýdıensıa

з а т. с а я с и. Жоғары дәрежелі қызметтегі адамның ресми қабылдауы.

Генерал Елуғанов орнынан түрегелді. Аудиенцияның аяқталғанын көріп, Барон басын иді де: мархабатыңызға қатты сүйсінемін,-деді (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

Мұндай ғажайып ғимаратты тек қана ел басқару, салтанатты қабылдау, бал, ресми аудиенциялар өткізуге ғана пайдалану обалдау еді (С.Абдрахманов, Елдік сыны).