Аудиторлық қызмет

lat: Aýdıtorlyq qyzmet.

қ а р ж ы. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Аудиторлық қызмет шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есептемесі мен басқа да құжаттарына жасалған қаржы және шаруашылық операцияларының дұрыс болуы және қолданыстағы заңдарға сай келуі тұрғысынан баға беру мақсатымен аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың (фирмалардың) тәуелсіз тексеруі (Қаз. тілі термин. Экономика.).