Ауыр индустрия. э к о н. Мәшине, техника т.с.с. жабдық-жарақтар мен өндіріс құралдарын өндіретін өнеркәсіп. Әрине, Қазақстанда ауыр индустрияның басқа салалары секілді машина жасау өнеркәсібі де бар (К.Смаилов, Мамандық.). Елімізде ірі өнеркәсіпті, оның ішінде ауыр индустрияны одан әрі дамытып, ауыл шаруашылығын қауырт көтеру шарасы іске асты (К.Әзірбаев, Шығ.).