Ауыр артиллерия

lat: Aýyr artılerıa.

ө с к. Зеңбірек, оқшашар, миномет т.б. оқпен атылатын қарулардың жиынтығы. Ауыр артиллериямен қаруланған жауынгерлер жауды тез арада-ақ тізе бүктірді («Балдырған»). Ол бухғалтерия жұмысын тексеріп отырып, бұдан бір жеті бұрын ауыр артиллерия батареясын жасауға жиылған соманың құжатын таба алмаған (Ж.Тілеков, Хинған асуы.).