lat: Aýyrlyq kúsh.
ф и з. Жер бетіндегі материалдық бөлшекке әсер ететін және жердің тарту күші мен оның өз осінен айналуынан туатын центрден тепкіш күштердің тең әсерлі күші. Жер бетінен жоғары көтерілген сайын ауырлық күшінің шамасы да біртіндеп азая бастайды (ҚСЭ). Айды орбитасында ұстап тұрарлық күшті жер бетіндегі ауырлық күшімен салыстырып, олардың жуық түрде тең болатынын анықтадым (А.Көбесов, Математика.). Ауырлық күшін өлшеу жайындағы ғылым гравиметрия деп аталады (Латынша «гравис» ауыр, грекше «метрон» - өлшеу деген сөз) (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).