Ауырлық центрі

lat: Aýyrlyq qentri.

ф и з. Қатты дененің кеңістіктегі кез келген қалпында оның ауырлық күшіне тең әсерлі күштің түсетін нүктесі немесе дененің салмағы түсетін нүкте. Көптеген объектілерге статикалық және динамикалық есептеулер жүргізілгенде, дененің ауырлық центрін білу қажет (ҚСЭ). Біртекті параллепипедтің ауырлық центрі олардың диагональдарының қиылысу нүктесінде жатады (ҚСЭ). Олар қалыптасқан символикалық алгебра мен есептеу техникасы, аналитикалық геометриядағы айнымалы шамалар мен координаттар әдіісі; ежелгі оқымыстылардың, әсіресе архимедтің нифинитезимальдық идеяларын игеру; квадратура, кубатура, ауырлық центрін табу, жанама жүргізу, экстремумдар табу т.б. есептеуді шешу әдіістерінің жинақталуы еді (А.Көбесов, Математика.).