Аузымен құс тістеген [ілген]

lat: Aýzymen qus tistegen [ilgen].

а) Қашса құтылып, қуса жететін, өрен жүйрік.

Қу тұяқ, құлан шеке ебдейленіп,

Күткендей үлкен жарыс, ұлы дуды.

Аузымен құс тістеген кіл сәйгүлік,

Деу қиын жануарды малдан туды (М.Ермеков, Қазақст.).

Сыздықтың астында аузымен құс ілерлік әсем көк, айналасы –безенген, құлпырған сұлу дүние (Ғ.Мұстафин, Таңд. шығ.).

ә) Ділмар, шешен, сөзге жүйрік.

Жиын-той жасап, алыс-жақындағы аузымен құс тістеген ақындар мен жезтаңдай әншілерді дария құйған көлдей жұтып жатқан-ды (Б.Тоғысбаев, Асыл адам.).

б) Айтқаны өтіп, дегені болып тұрған.

Ол бір аузымен құс тістеген болыс-билердің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған заман еді («Жұлдыз»).

Аузымен құс тістеген жақсыңыздың, Қу мен сұмға жалынбай күні бар ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).