АЮДАЙ

lat: Aıýdaı

с ы н. 1. Аю секілді, аю тәрізді; ебедейсіз, дөрекі.
Аранға түскен аюдай,

Күйі қатты жараған азар жырау, Шығ.).

Аюдай қара күржиген,

Таңқы мұрын, бұжыр бет.

Көргенде көңлім суынды,

Жүрегім қалды басылып амбар батыр).

Кейде аюдай бүкшең қағып,

Ыстық тасқа тері тамып,

Баспалдақсыз жылтыр жардан,

Асты талмай біздің мерген (Ә.Төжібаев, Жастық.).

Сатылған мен Ыдырыс даяр тамақты жегенді ғана біледі. Біреуі үй тіршілігіне намыс көріп, мырзалықпен жоламаса, екіншісі аюдай ебедейсіз болғандықтан жоламайды (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.).

2. а у ы с. Ызбарлы, сқсты, қаһарлы. Арыны күшті аюдай хан алшағыр ордасы. Сарайдың ішкі далаңына шығатын алаң ашық үйінде Бірсімбай мен қалыңдығы Күнікей отыр (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Аюдай әжені қайтеміз? Түнде түгілі күндіз көзден таса қылмайды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).

3. Үлкен, ірі, сойдиған. - Әй, сөйлеуік-ай, Бұл шортан емес, ақбалық, деді Тұраш. Шортан жыртқыш, тісі аюдай болады, мына ақбалықтарды жеп қояды (Н.Сералиев, Ақбөпе).