АЯКӨЗ

lat: Aıakóz

з а т. 1. Аяулы, ардақты, қымбатты адамға қарата айтылатын атауыш.

Есіме алсам тулап, сені сезім,

Көрмесем жыртылардай болып төзім.

Келуім қан-жынымен араласып,

Жеріңде жатыр талай аякөзім (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға).

Алтын бас, аякөзім, әйгөлегім,

Дөңгелеп тас төбемде жайнап едің.

Қаңбақтай қағып сені ұстаймын деп,

Сәулеңе саусағымды жайған едім (Қ.Бекхожин, Дала комисс.).

2. Тақдаулы, жақсы жылқы. Бұл табында аттардың да талай аякөзі бар екен. Мен солардың әрбіріне қызығып ем, қарт жылқышы «оны қоя тұрайық» деді (С.Мұқанов, Есею жыл.). Шынында да сол күндерде совхоздың ат қорасында басқа жерлерден әкелінген асыл текті не аякөздер дербес баптауда, күтуде тұратын (Ж.Орманбаев, Қос басшы). Барған беттерінде өрқайсың қалаған аякөзіңді сұрамай-ақ ұстап мін. Адамнан мал артық па? (Ә.Көшімов, Қысталаң.).