lat: Aıaldama
з а т. 1. к ө л і к. Автобус, троллейбус, трамвай т.б. қала ішілік қоғамдық көліктің жолаушыларды түсіріп, мінгізу қшін токтайтын жері. Трамвай қоңырауын шылдыр-шылдыр еткізіп қала шетіндегі ең соңғы аялдамаға тақап қалды (Б.Соқпақбаев, Қайда. ғауһар). Автобус аялдамасы қалың тал бүркеген алакөлеңкелеу екен: екеуден-екеу үнсіз-тілсіз тұрыңқырап қалды (Д.Досжанов, Табалдырығың.). Сары сулығын қалай болса солай кие салған, алқам-салқам Омарбай анадай жердегі автобус аялдамасында жалғыз өзі тұр (М.Мағауин, Қиянда.).
2. ө с к. Жорық лектері бөлімшелерінің жорыкта жеке құрамның демалыс, тамақтану, материалдык бөліктерді тексеру, акаулықтарды жою үшін аялдайтын жері. Аялдаманың ұзақтығы мен олардың аралықтары нақты қалыптасқан жағдайға қарай анықталады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Аялдамада, әдетте, бөлімше лектерінің сап түзері бұзылмайды, машиналар командирдің бекіткен арақашықтықтарында жолдың оң жақ жиегіне тоқтайды, әскерлерді қорғау ұйымдастырылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).