Айтып бер

lat: Aıtyp ber

Түгел айт, әңгімеле .

Жібек жіппен бұрышына жазылыпты екі есім,

Аңтарылдық көрдік тағы құпияның көкесін.

Тұла бойың құпия екен, құтылып көр, тайқып көр,

Құтқармаймыз, онан да өзің жәйлап бізге айтып бер (1,307).

Зәредей қылығың жоқ мен сенбеген,

Жасудамын, жаныммен көрсем деп ем.

Жасымнан жамандықты жеңсем деп ем,

Жасырмай бәрін айтып берсем деп ем (3,39).