lat: AǴASH
зат. 1. Биік әрі жуан болып өсетін, ірі діңді, көпжылдық өсімдік.
Сен шыққан тау сол қалпы жатыр әлі,
Тек жартастар жәй түсіп, шаттанады,
Ағаштар да баяғы қалпында тұр,
Көктем сайын ауысып жапырағы (2,71).
Заңды ғой, Заңды бәрі, талас бар ма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда (3,107).
2. Ағаш өсімдігінің құрылыс материалы ретінде пайдалынатын, әртүрлі бұйымдар жасайтын сүрегі.
Бір тал масақ мүсінін салмақ болған,
Тас ағашпен айнала шарбақталған.
Жұдырықтай қарт зергер құлан ұрып,
Құлын мүшеге оралып, саңлақтаған (1,202)
. Айналасын ағаш көмкерген.
Ауласы биік ағаш дуалмен қоршалған (4,206).
// С ы н. Ағаштан жасалған. Сөзі жоқ бірдеңені ыңылдап, астына бөстегін төсеп, арқауына мініп отыр әжей. Жап-жалтыр ағаш қылышы жалт-жұлт етеді (4,141). – Сәлеметсіздер ме? – деп, қыз бөлме ішін бір шолып өтті де, үш адам отырған қисық сирақ ағаш скамейкаға отыра кетті (4,174).