АҒАСЫ

lat: AǴASY

зат. экспр. «Аға» сөзінің бейтарап мәнде қолданылуы.

Баратқан ем таппақ боп несібемді,

(Ағат айтсам, ашумен, кешір енді)

Сен маған қайырылмай кеткеніңде,

Есіңде ме, ағасы, бесін еді (1,244).

Мынау қазақ даласы,

Алтай, Арқа арасы,

Алатау мен Атырау,

Тойлап жатыр, қарашы,

Естисің бе, ағасы?

Бүкіл қазақ баласы,

Сені еске алып, ағасы,

Думандатты, қарашы (3,60).