А

lat: A

ет. сөйл. 1. «Ал» негізгі етістігінің қысқартылып қолданылуы.

Самал желмен желпілдеп орамалы,

Сайдан су ап қарындас оралады.

Самала қыр бетінде сағым ойнап,

Сары белден әрі асып жоғалады (2,187).

Демалыс ап Кавказ,

Қырым барғаның Бәрі өкініш, өзіңді-өзің алдауың.

Қалай үзіп, қайда тығып тыншисың,

Тыным бермес ойларыңның жалғауын?! (2,374).

2. «Ал» көмекші етістігінің қысқартылып қолданылуы.

Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,

Қонушы еді қанатын қомдап алып.

Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,

Оқшау шетте ұясы талда қалып (1,87).

Өмірім, сірә да, әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы, мен, өлмейтін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын (2,63).