lat: ABYROI
зат. 1. Ар, ұят, намыс.
Көріспедік, жарайды, сол ма кінә? (Әңгімені бұрмалық ол жағына) Парызды әке – Отан алдындағы Абыроймен ақтасақ болғаны да (2,340).
Айналайын ақ бабам!
Аяйсың ба сен мені,
Абыройын дақ шалған,
Алақұйын пендені?!
Әлде саған ауған ба,
Бар жақсылық мендегі ?!
Әлде тартып алған ба
Бар суықты сендегі?! (3,44).
2. Бедел, даңқ, дәреже, атақ.
Сол үшін күрестім, жатпадым,
Демеймін борышымды ақтадым.
Тек өзің әлемнің алдында Абырой,
даңқыңды сақтадың (1,124).
Ұлы Отанымыз талантты ұлын абыройға, Лениндік Сыйлықтың лауреаты деген ұлы даңққа ие қылды оны (4,245).
3. Адамның ұятты жері, жыныс мүшесі.
Жарқыраған басы оның жасалған-ды алтыннан,
Кеудесі мен қолдары ақ күміспен тартылған,
Абыройына дейін қызғылт мыспен шарпылған (5,68).