АДА

lat: ADA

үст. Жоқ, жұрдай, бос.

Мұрша берме ойлауға, сарқырама,

Қасқыр ойды түгесші, сарқып ада.

Тасқа біткен бір шоқ гүл, кеудеме біт,

Таста нең бар мейірімсіз, қалтырама (2,71).

Күн де батты, мақұлықтар тірлігінен енді ада,

Бәрісін де ұйқыға алды, кешкі ауа, кең дала,

Кең далада үйсіз-күйсіз жалғыз қалған мен ғана (5,10).