lat: ADAL
сын. 1. Таза, пәк, кіршіксіз; арам емес.
Сандал тау, сайдан соққан самалым-ай!
Ой-санам құлайды кеп саған ұдай.
Әлдеқандай күн кешіп жүр екенсің,
Сүттен ақ, судан таза, адалым-ай ! (1,212).
Сен адал махаббатты күйеледің,
Сен даяр махаббатқа ие ме едің?
Аурумен арпалысып жатқанында,
Бағдаттың басын неге сүйемедің? (1,148).
2. Шын берілген, сенімді.
Ол кім еді?! Фред!
Достығыңды ақтадың,
Өміріңді Маврменен бөлістің.
Адамзаттың ар, ожданын сақтадың,
Рахмет, адал ұлы немістің! (2,51).
Ене мен келін көңілдері тұнық, көкіректері сарай кездерінде үй шаруасында жүріп бір-бірінің артық қимылдағанын аңғартып та қоймайтын. Екеуінің арасында тым адал, тым жақын туыстық бар еді (4,145).
3. үст. Риясыз, мінсіз, қалтқысыз.
Қоғам алдындағы өздерінің азаматтық та, ақындық та борышын адал атқарып келе жатқандығын көрдік (4,315).
Ол маған адал, таза қызмет етті. Мен де оған қарыздар болып қалғаным жоқ (5,227).