АДАМЗАТ

lat: ADAMZAT

зат. Бүкіл адам атаулының барлығы, барлық адам баласы.

Алып жер адамның бесігі.

Тербесін сәбиін, тербесін.

Адамзат бақыты, несібі.

Абайла! Төгіле көрмесін (1,96).

Адамзатты қорғай жүріп қан бастық,

Адамзаттың азғынымен арбастық.

Аласапыран арпалыстан аман қап,

Адамзаттың өмірімен жалғастық (2,213).