АЭРОДИНАМИКА

lat: AERODINAMIKA

з а т. а в и а қ. Гидроаэродинамиканың ауааз) қозғалыс заңдарын және онда қозғалатын денелердің бетіне әсер ететін күштерді зерттейтін бөлімі. Бұл проблеманы шешу үшін аэродинамика, беріктік салаларында үлкен ізденулер және басқа да жұмыстар атқару керек болды («Қазақст. мұғ.»).Аэродинамиканың негізгі мақсаты қозғалыстағы денеге ғаз өсер ету кезінде пайда болатын күш пен жағдайды, ұшу аппараттарының аэродинамикалық сипатқа ие болуын зерделеу (Қаз. тілі термин. Әскери.). Ол бұғанасы қатпай жатып, данышпан қиолковскийдің барлық кітабын зердесіне тоқыды, күрделі ғылым аэродинамиканы жете біледі, поэзияны жанындай сүйеді, живописьтен де хабары бар... (Қаныш аға).