з а т. л и н г в. Өз алдына жеке қолданылмай, түбір сөздерге қосылып, сол сөздің мәнін, мағынасын және қызметін өзгертетін грамматикалық форма; қосымша. Бұл мысалдардан (бастауыш, басқарма, қолжазба, сақтағыш) -ыш, -ғыш, -ма, -ба аффикстерін көреміз. Бұлардың барлығы байырғы түбір сөздердің негізінде жаңа сөздер жасайтын қазақ тілінің әнімді аффикстері (Қазіргі қаз. тілі). Қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор (Қазіргі қаз. тілі). Ф.Шлегельдің Бұл классификақиясын өңдеп толықтырған Август Шлегель тілдерді үш түрге бөледі: 1) флективті тілдер; 2) аффиксті тілдер; 3) аморфты тілдер (К.Аханов, Тіл білімі.).