lat: AIýAN
з а т. ж е р г. Көлеңке болу үшін үйге жалғастыра салынған үш қабырғасы бар, төбесі жабық, сая жер.
Басында сопылардың арман бар ма
Жиһанда ғамал қылған ондай пірмен.
Мешіттің алды бітеу үлкен аюан,
Төбесін бұрып қосқан әлде қайдан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).