lat: AIMAQ
зат. 1. Өлке, өңір, атырап .
Бұл аймақтан күн нұрын аямайды,
Сағым болып желпиді, аялайды.
Жер бетінде тыныштық болса егер,
Осынау тауға келіп саялайды (1,197).
Тізбектеліп барасыңдар қай жаққа?
Сенсіз сән жоқ мынау өлке, аймақта .
Жылап келіп жыл құстары табысып,
Мауықтары басылғасын таймақ па?! (3,43).
2. Айнала, маңай, төңірек .
Таныс өлке,
Таныс аймақ ,
Таныс маң:
Аноу жерде құрбылармен алысқам,
Аноу жерде құрбыжанмен табысқам (3,182).
Шыңырау көкте шырқады,
Көз жіберді аймаққа .
Бұлаң етті бір тағы,
Жылқы жатқан сай жақта (1,218).